Шындық жауап – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Шындық жауап» атты Ескен Елубаев жазған шындық туралы өлең берілген.

Əке көңiлi қалып бiр,
Тергеуге ұлын алып тұр.
– Ел не үшiн мектепке
Түсiндiршi, барып жүр?
– Бiлiм үшiн барады...
Бiлу үшiн барады...
– Дым бiлмес сен, өзiң ше?..
Ұлы жерге қарады.
Қиын сұрақ мұнысы,
Үндемеген дұрысы,
– «Екi» алуға барады, –
Дедi ол үшiн iнiсi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері