Өлең, жыр, ақындар

Тобыл

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 754
Тобылғы түстес тор Тобыл,
Жағаңда сенің ерке гүл.
Қиялымды сен менің
Қияныңа асырып,
Толқыныңа ерте біл.
Ән-жырыңды шерте жүр.
Толқыны тентек өзіңді
Тобыл десем де болады.
Сендегі мөлдір сезімді
Төгіл десем де болады.
ГЭС-тердің ерек күшіне
Бағын десем де болады.
Астықты мынау алқапқа
Ағыл десем де болады.
Маржан десем де болады,
Лағыл десем де болады.
Ортайып қалған олқыны
Орманыменен шалқытқан.
Тобылдың тентек толқыны
Темірлерді де балқытқан.
Айдыны мынау ақ таңдақ,
Аққу-қаздарын қалқытқан.
Ақ кемелерің шапшаңдап,
Шабыттың отын шалқытқан.
Қолтықтан талай демедің
Кезде де мені малтыққан.
Өзіңе деген өлеңім
Өзгеше болар сондықтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тобыл өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Тобыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тобыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тобыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері