Әбілқайыр хан – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Әбілқайыр хан» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3000
О, Муза Тәңір берген қыз бөбегім,
Бабамның ерлік даңқы іздегенің.
Міне біз хан молаға жеттік бүгін,
Бір жұтып қоңыр салқын күздің лебін.
Құлыптас ортасынан қақ бөлінген,
Толқытар көңіліңнің сезімдерін!
Тірліктің бұлдыр бақи әлемінде,
Жетелеп даналық ой тереңіне,
Еріксіз тебірентіп егілдіріп,
Тарихтың қан жүгіртіп реңіне.
Күңіреніп мұнда әруақ тіл қатқандай,
Ой салып жанымдағы немереме.
Үш жүздің қолын бастап болған батыр,
Бұл жерде Әбілқайыр ханым жатыр.
Ол өзі Шыңғыс ханның ұрпағы еді,
Туғаннан әділдікке жаны жақын.
Тәукедей данамыздан ақ бата алып,
Ерлікпен аспандатқан қазақ атын!
Шыға алмай қалың жоңғар қамалынан,
Мұң кетпей нар халқымның қабағынан.
Қаптаған қасіреттен қысылғанда,
Ол елге қорған болып жан ұшырған.
Ең алғаш сыйлап жеңіс қуанышын,
Ұлттық рух намысымен қауыштырған!
Бұл жайлы аңыз болып әр тастары,
Бұланты Аңырақай шайқастары,
Ерлігін қолбасшының айтып берер,
Жыраудай төгілдірген жыр дастанды.
Ұғынсаң ұлы жеңіс бастау еді,
Қол созып ғасырлардан солмас мәңгі!
Тек әттең күншілдікті сормен бір де,
Қан жұтқан өксікпенен қиын күнде.
Әр сұлтан бағынбастан қолбасшыға
Әскерін бөліп алды елсіз жерде.
Қауіпті ескермеді-ау қайта төнер
Не дерсің құт қашырған ессіздерге!
Қызғаныш қызыл итке жем болмайма,
Қалайша қанат жаяр ел мұндайда,
Азаптан қайғы жұтып,у ішкендей,
Жалынды жәрдем тілеп бір Құдайға.
Қайтесің тағдыр салса басқа зілін,
Әр кімнің жазмышы бар маңдайында.
Жанында қалды досы Тайлақ батыр,
Тапжылмай абыройы ар барында!
Дарға да шындық үшін шыдай алған,
Турашыл пенде ғана таймас жолдан.
Жан салды айрылмасқа қуат берер,
Киелі халық атты түп – тамырдан.
Аянбай панасы боп кеуде тосты,
Бақ іздеп азаттықтың ақ таңынан.
Басынып қазынасын тонамақшы,
Сескенбей дозақ торлы қас жауынан.
Кәпірмен қол алысып,тізе қосқан,
Қамады жан – жағынан тағы дұшпан.
Талаудан халқын қалай құтқарады,
Шығады енді қалай дағдарыстан?!
Күй кешті отта қалған жолбарыстай,
Шарқ ұрып өмір іздеп арпалысқан.
Бет бұрды амалсыздан Ресейге,
Кім білген қадамба бұл жаңылысқан?!
Анығын тарих- ана айтар өзі,
Бәрін де көзбен көріп жалын құшқан!
Жасырын тылсымы көп бұл жалғанның,
Әйтеуір жеткізуге ел арманын.
Қысталаң шақтан аман шығарсам- деп,
Ақиқат еркіндікке қол созғанын.
Еңбегің ұшаң – теңіз тан қаларлық,
Сақталған шежіресінде қол жазбаның,
Ешкімнің таласы жоқ бұл жөнінде.
Өзің нұры жаусын бір Алланың!
Жатсаңда елеусіздеу Өлкейікте,
Ұмтылмай жүрсің баба әр жүректе.
Ұрпаққа ерлігіңді жырлап келем,
Жетсін – деп, таң нұрындай келешекке.
Өзіңдей текті болса елін қорғап,
Бөленер абыроймен құрметке,
Махаббат Отан сүю құдіретте!
Ырым ғой топырағыңа аунап алдық,
Жан баба оның үшін айып етпе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбілқайыр хан өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Әбілқайыр хан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбілқайыр хан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбілқайыр хан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері