Солға марш – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Солға марш» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 792
Маршқа лап бет бұрыңдар!
Жол жоқ былшыл сөзге қазір,
Араторлар, тек тұрыңдар
Сөз сіздікі Жолдас Маузер.
Жетер, еріп өмір сүру, –
Адам, Хауа салған жолға.
Қырсау тарих көк шолақты
Қуамыз біз салып алға.
Солға! Солға! Солға!
Ой, кек жасыл көйлектілер!
Желге
Кере желкен кетер!
Океандарға құлаш серме!
Яки, –
Бронь киген кеме
Тұмсығы өткір тірелді де
Мұқалды ма, тиіп жарға
Мейлі,
Талқан етіп тәжін
Арыстаны Британның
Ұли берсін атып жалын,
Жеңілмейді ер коммуна.
Солға! Солға! Солға!
Анда,
Таудың аржағында,
Шомған елде мұңға, зарға
Құлазыған күнгей жаққа,
Аштық үшін, Қорлық үшін,
Миллион ізін мөрдей ғып бас,
Теңіздерден асып атта!
Мейлі, онда банды жалдап,
Қоршаса да қаулап аңдап,
Құрсанса да болаттана, –
Көнбес Россия Антантаға.
Солға! Солға! Солға!
Қыран талмас қарап алға,
Бізді ескілік бұралар ма?
Ал әлемді кеңірдектен
Пролетар, қолмен өктем!
Кеуде кере ұмтыл алға!
Көкті қаусыр жалауларға!
Кімдер анау басқан онға? –
Солға! Солға! Солға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Солға марш өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Солға марш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Солға марш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Солға марш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері