Саянда сенің көктедім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Саянда сенің көктедім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 841
1
Жөргекте қалдым анамнан,
Зар жасын бірақ төкпедім.
Өзіңнен жаным нәр алған,
Саянда сенің көктедім.
Көктемгі гүлдей құлпырдым,
Болмады әсте алаңым.
Қияға қарап ұмтылдым,
Ілгері басты әр қадамым.
Тұнығын кешіп айдынның,
Құзына қондым асқардың.
Қолымда кілті ай-күннің,
Бас иді өзі аспанның.
Ағынға қарсы атылдым,
Қиялға мініп от қанат.
Өзіндей-ақ бір батырдың
Асауды алдым ноқталап.
Өзіне тағдыр жоқ өкпем,
Мың алғыс туған халқыма!
Елімде жетім жоқ өткен,
Заманым жайна жарқыра!
2
Еркелік өтті, бой жеттім.
Байқамай асқан бір белді.
Тәуірін тандап көйлектің
Қыналай будым қыз белді.
Қосылып құсқа жыр төктім,
Сыбырлап нәзік сыр келді...
Сырласпай жатып жер-көкті
Сілкінте отты жыл келді.
Болсам да сыңар балапан
Сытылып қалған жырақта,
Ойылып нәзік алақан,
Сыбанып түстім сынаққа.
Қанатыменен су сепкен
Қарлығаш сынды шырылдап...
Шағында жеңіс күн жеткен
«Уһ!»—дедім бір-ақ тынымдап.
Сол жылдар қатып бұғанам,
Сол жылдар түлеп шынықтым.
Өмірден толқып тулаған
Сол жылдар талай сыр ұқтым.
Армандар, ойлар, толқулар...
Жүректе түйін ел бағы.
Өзіңмен бірге болуға
Сапыңа тұрдым мен дағы.
Болашақ деген ардақты
Ұғымды түйдім жүрекке.
Сол үшін бағышталмақшы
Тыныс, дем, ізгі тілек те.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саянда сенің көктедім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Саянда сенің көктедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саянда сенің көктедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саянда сенің көктедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері