Өлең, жыр, ақындар

Ұлы қолбасшы Табын Қараұлы Бөкенбай батыр

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1638
О, Әулием ғасырларға ту ілген,
Ерлік даңқың аңыз жырмен төгілген.
Қалың жауды жеңіп талай қол бастап,
Орын алған туған елдің төрінен.
«Жарқамысқа» қалай сыйып жатырсың,
Рухыңменен сырласуға келдім мен!
Ақындары қара ормандай қаптаған.
Киелі мекен күмбірлеп сыр ақтарған,
Ой қозғайды тебірентіп жанымды,
Шежірелерден құшағында сақтаған.
Күңіреніп жеткізгендей бір дауыс,
Қасіретті елім жылап тапталған.
Көз алдымда жоңғарлардың соғысы,
Көз алдымда шұбырынды ақтабан!
Тарылтырып жасыл жайлау өрісті,
Қатыгез жау қанымызды көп ішті.
Таудай болып үйілген соң өліктер,
Дозақ болып көрінгені жер үсті.
Империя өзгелердің қолымен,
Айдап салып жұмсап жатты бар күшті.
Қыспаққа алып жан жағынан қамалап,
Елге төніп қауіп қатер жаманат.
Не болар деп, енді күні қазақтың,
Шерлі күймен күйзелгенде жабырқап.
Қарақұмда құрылтайда бас болып,
Тауке ханға өзің болдың қолқанат!
Көкте ойнаған нажағайдай күркіреп,
Жалын шашып кеудеңдегі от жүрек.
Алдына шығып басын қосқан халықтың,
Дем салғандай жаратушы құдірет.
Басын бұққан ұлт тағдыры алдында,
Қоян жүрек жасықтарды тілгілеп.
Сөз қалдырдың мәңгілікке өшпейтін,
Қуат құйып нар халқыңа жол сілтеп!
Күреске үндеп ел жұртыңды тегістей,
Құрсауды бұзар күндер жақын сілкін-деп.!
Бас сардары өзі болып үш жүздің,
Мінезіндей аласұрған теңіздің.
Аңырақайда жауды шайып толқынмен,
Мүйізінен айырып жоңғар өгіздің.
Үстерінен көк жасындай түйіліп.
Кек найзасын көз ашқызбай өргіздің!
Қас батырым әруағын ерлік шайқаған,
Ұмтыларма ерліктерің өзіңнің?!
Жауың қашты қансыраған иттердей,
Өз үңгірін өзі таптап құт көрмей.
Сол дертінен айдаһарға жем болып,
Тамағынан өтіп жатты кептелмей.
Жібермеді нар халқымның көз жасы,
Тек достыққа құшақ ашқан көктемдей!
Азаттықтың таңы болып арманың,
Дем біткенше сен еліңді қорғадың.
Бастан кештің қанша қырғын майданды,
Жан аямай арпалыстың ол мәлім.
Айрылып қалған жерімізді қайтарып,
Қатал жаудың сүңгіге іліп хандарын.
Түспесін- деп, байтақ далам талауға,
Ұлтты сақтап қалуды көп ойландың!
Алдан болжап ғайыптардың бар парқын,
Елестетіп шуақ төккен таңды алтын.
Мол біліммен шалқытып нұр еліме,
Қадір тұтып ата дәстүр ел салтын.
Сансыз қыран биіктерге самғатып,
Асырғансың даналықпен ел даңқын!
Қайран баба батырлардың мектебі,
Құшағыңда айбындықтың от лебі.
Сенде өскен жас өрендер жау жүрек,
Жақындатқан елге бақыт көктемді.
Бөлшектеуге кең даламды бермеген,
Біткенінше соңғы тыныс от демі!
Тарихымды қас дұшпаным жасырған,
Білсінші деп, келер толқын жас ұлан.
Әр ізіңе желкен құрып әулием,
Келешекке жеткізуге асығам.
Қайталаймын сенің ұлы сөзіңді,
Ғасырлардан ерлікпенен асырған:
«Уа, ағайын туғандар,
Сөз айтайын тыңдаңдар!
Ұлымды құл қылмаймын,
Қызымды тұл қылмаймын.
Таптатпаймын жерімді,
Былғатпаймын төрімді.
Бір қасық қаным қалғанша,
Тізе бүгіп өлгенше,
Алысып өлем арланша!
Мен қорғаймын жерімді,
Мен қорғаймын елімді
Кеудемде шыбын жан барда!
Халқым үшін жан пида,
Бас көтер, қазақ Отаны,
Дұшпанға енді бел бүкпе!
Байырғы даңқтың шапағы,
Шақырады бізді ерлікке.
Бабалар жолын жалғауға,
Айналып лаулап жалынға,
Еріңдер менің соңыма!
Беруге соққы жауыңа,
Дауылдай бұлтты қууға!»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асау Тұрлан баба үні

  • 0
  • 0

Абақтыда келгенменен ажалым,
Сарыкөлде мынау менің мазарым.
Сонау Орал түрмесінен Шеркештер,
Жеткізген ғой көрсе де жол азабын.

Толық

Мөңке би Тілеуұлының рухымен сырласу

  • 0
  • 0

Күнде келем ескерткішің басына,
Бір ғажайып күш барындай осында.
Сырласамын Рухыңменен үн түнсіз,
Ерік беріп ұшқыр ойлар тасқынға.

Толық

Тастемір әулие баба үні

  • 0
  • 0

Кең Жылой әуел бастан ел ырысы,
Мұнда бар ән менен күй, күн күлкісі.
Ой салар келер ұрпақ зердесіне.
Сан заман ғасырлардың жүгірісі.

Толық

Қарап көріңіз