Таулардан ақбоз құлап таң – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Таулардан ақбоз құлап таң» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Таулардан ақбоз құлап таң,
Толғатқан шақта күміс күн.
Сай жаққа өрген бұлақтан,
Етпеттеп жатып су іштім.
Басымда ойлар айқасты,
Еркіне еріп сезімнің.
Жағада жатқан қойтасты,
Жастанып жатып көз ілдім.
Табиғат тірі кестедей,
Көшіріп берсем өлеңмен.
Ауаны турап кеспедей,
Аққулар ұшты төбемнен.
Қалғып бір кетсем, ой қамап,
Саусағын жазып құрсаған.
Бетімді желпіп аймалап,
Оятып алар бір самал.
Өтпейді сенсіз күнім көп,
Кетпейді сенсіз күнім көп.
Туған жер, саған құлын боп,
Орала берем ширығып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таулардан ақбоз құлап таң өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Таулардан ақбоз құлап таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таулардан ақбоз құлап таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таулардан ақбоз құлап таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері