Қазақ тағдыры – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қазақ тағдыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 705
Қазақтың тағдырын
Ойлап қарасаң
Өз өзiңнен түршiгiп,
Өз өзiңнен тоңасың:
Оның өткен жолы да,
Бүгiнгi жолы да,
Тiптi ертеңгi жолы да
Тар жол тайғақ кешулi
Боран мен борасын.
Зорға ашасың
Тарихтың әр бет,
Әр бiр парағын, –
Өйткенi оның
Әр бет, әр бiр парағы
Тонна-тонна
Ап-ауыр
Қайғы мен
Тонна-тонна
Ап-ауыр нала, мұң.
Мына қу тағдыр
Бұл халықты
Балшықтай езiп,
Жүндей түтiп
Жасытқан секiлдi...
Тiптi оның–
Жейтiн нанын да! –
Жаңбырдай сорғалаған
Көз жасына илеп,
Булыққан
Ашу мен ызасына
Ашытқан секiлдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ тағдыры өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қазақ тағдыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ тағдыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ тағдыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері