Төрт түлік – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Төрт түлік» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ұстап жүрсе жүгендi,
Жылқышы деп бiл ендi.
Қолда жүрсе көгенi,
Мен қойшымын дегенi.
Ұстағанды бұйданы
Сиыршы деп бiл-дағы,
Ұстағанды ноқтаны
Түйешi ғой деп таны...
Жылқышыға келесiң,
Ұзын құрық көресiң.
Түйешiге келесiң.
Түйе жүн шекпен көресiң.
Сиыршыға келесiң,
Таспа тiлiп көресiң.
Қойшы үйiне келесiң,
Тулақ, көндi көресiң...
Жылқышының қымызын
Iш сусын қып күн ұзын.
Түйешiден шұбатты
Сiмiр, ол ас қуатты.
Сиыршының айранын
Жұт, кiлегей, қаймағын.
Қойшы берер құлақты,
Құйрық, бауыр, сирақты.
Ел құты – төрт түлiк мал,
Баққандарды бiлiп ал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төрт түлік өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Төрт түлік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төрт түлік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төрт түлік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері