Шымыр етті жүректе
Бұл бетте «Шымыр етті жүректе» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шымыр етті жүректе,
Әлдеқандай нәзік тін,
Бейхабар ем, сезім – жат,
Селт етпеуден жазыппын!
Шөлімді өлең басар еді
Өз қайнарым ішімде,
Жұмбақтау боп жаралғам,
Үңілмеген түсінбес!
Сыртым – сабыр, ішім – мұң,
Сімірдім де тұшындым.
Бос күлкіден жеріндім,
Сайқалдардан ұшындым.
Ғажап серік – сезім, мұң!
Төзім, төзім, төзімнің
Ажырамас тармағы
тәттілеу бір сезім – мұң.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі