Бизон терісі
Бұл бетте «Бизон терісі» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мән-мағына табар әркім
Қимыл-әрекетінен.
Алыс елге бір жиһангер
Саяхаттай кетіп еді.
Қиялы оны алып шықты,
Миссурийдің бойына,
Талап қойып шықса алдына,
Шіркін, жастық мойымас...
Серігіне ақыл қосып,
Тері қайық қамдамақ.
Талдан иген құрсауларға,
Тері керіп байламақ!
Бұған, сірә, қалар жарап,
Ірі бизон терісі,
Аңшы мылтық осындайда,
Бола қоймас кемісі!
Бетіне бет қаратпайтын,
Бизон жүрген жайылып...
...Саяхатшы есіп барады
Көнек тері қайығын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі