Теріскей – Шәмші Қалдаяқов

Бұл бетте «Теріскей» атты Шәмші Қалдаяқов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 23254
Байлығы жатқан жалпақ жерге сыйман
Кеудесі әнге сыймай
Күлімдеп тұрған менің Теріскейім
Күнгейдің құдасындай, сырласындай

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Қаратау, Келіншектау, Шолаққорған
Қызылкөл босамайды қонақтардан
Қарақұр Сарыарқаға сәлем айтар
Қаптаған Қаратауда бұлақтардан

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Заманның көріп бірге самғағанын
Саялы сахарама таң қаламын
Қалқаға Күнгейдегі жетер ме екен
Шалқыта Теріскейден салған әнім?

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теріскей өлеңінің авторы кім?

Шәмші Қалдаяқов — осы өлеңнің авторы.

Теріскей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теріскей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмші Қалдаяқов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теріскей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері