Жүрек сыры
Бұл бетте «Жүрек сыры» атты Шәмші Қалдаяқов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен туыппын ақпандатқан боранда
Кім біледі, бәлкім әлде сонан ба?!
Алақұйын мінезім бар ашулы
Қапелімде басылам ба, болам ба?!
Сол күйіммен өміріңе еніп ем
Тыныштығың бұзылды бір менімен
Күшті еді ғой мендегі зор махаббат
Қуат алдың өзің соның лебінен
Сүйе алмадың кей ашуды кешіре
Қоштас күліп, қамығасың несіне
Бұрқ-сарқ еткен ақ боранды күн болса
Алғайсың тек сонда мені есіңе.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі