Теріскей

Бұл бетте «Теріскей» атты Шәмші Қалдаяқов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 1
  • 25580
Байлығы жатқан жалпақ жерге сыйман
Кеудесі әнге сыймай
Күлімдеп тұрған менің Теріскейім
Күнгейдің құдасындай, сырласындай

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Қаратау, Келіншектау, Шолаққорған
Қызылкөл босамайды қонақтардан
Қарақұр Сарыарқаға сәлем айтар
Қаптаған Қаратауда бұлақтардан

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Заманның көріп бірге самғағанын
Саялы сахарама таң қаламын
Қалқаға Күнгейдегі жетер ме екен
Шалқыта Теріскейден салған әнім?

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Бердіғали Есқожин

Басымды идім жерге жеткенімше! Иманың жолдасың болсын, Шәмші аға!

Осы автордың басқа өлеңдері