Түспейді сәуле күн жақтан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Түспейді сәуле күн жақтан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 574
Түспейді сәуле күн жақтан,
Жұлдызым менің жүр жанбай.
Көңілсізбін, зіл батпан –
Еңсемді басып тұрғандай.
Қабағы таудың мұң артып,
Шаштарын бұлттар тарайды.
Аспанның жүзі мұнартып,
Мұнартып гүлдер қарайды.
Ұқтырып көп сыр жол тілі,
Үміттің отын жағады.
Бұлақтың тентек толқыны,
Жағаға басын соғады.
Кешегі іздер өшеді,
Өлмейтін өмір таба алмай.
Жылаған бұлттар көшеді,
Күн көзін мәңгі жаба алмай.
Берілем арман-қиялға,
Жалғасып таңға сан кешім.
Қияр ма маған құяр ма,
Ұлы күн сынған сәулесін?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түспейді сәуле күн жақтан өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Түспейді сәуле күн жақтан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түспейді сәуле күн жақтан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түспейді сәуле күн жақтан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері