Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1024
Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк,
Ақ бас толқын әлденеге өкпелеп.
Жартас бетін шапалақтап ұрады,
Көкірегін ашулы бір кек бөлеп.
Бір өзінен басқа тірлік бекердей,
Дегендей ол, осы арадан кет, өлмей.
Ысқырады айбарланып көк дауыл,
Толқын аузы асап бәрін кетердей...
Теңіз жолы соқпақсыз өр шатқалдар,
Арман тауы толқын болып атқанда әр.
Аңсап тұрар асау асқар қиынын,
Қанаттарын теңіз баулып қаққандар!
Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк,
Бір тіршілік арасынан көктемек.
Ей, бауырым, бірақ келіп көрдің бе,
Тағдыр атты теңізбенен бетпе-бет!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері