Қайдасыңдар, түріктерім? – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Қайдасыңдар, түріктерім?» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2686
(Қоңыр Мандокидің рухына)

Қайдасыңдар түріктерім қаптаған,
Жарты әлемді түгел билеп таптаған.
Тұлпарлардың тұяғымен жыр жазып,
Тау шыңында шежіре, сыр сақтаған.
Тәңір берген қасиетті әріппен,
Кең ғаламда ғылым жолын өрбіткен.
Жұлдыздармен емін-еркін сөйлесіп,
Жер-Ананың сүт емшегін иіткен.
Жел шақырып, көкте дабыл ойнатып,
Ақ жауынды көк шалғынға аунатып.
Табиғаттың тылсым жұмбақ сырларын,
Шеше білген қызыл гүлдей жайнатып.
Құпиясын біліп алтын, темірдің,
Жалғастырып шеберлікпен өмірін.
Боғда – олада ұрпақтарын өсіріп,
Алтай таудан тапқан қоныс теңдігін.
Сарай қылып шетсіз – шексіз даламды,
Тану үшін мынау байтақ ғаламды.
Жүйріктермен Дунай өтіп із тастап,
Кездіңдер- ау талай жасыл орманды.
Қалмас үшін қапа болып ойранда,
Қолбасшылар шақырғанда майданға.
Сендер еді-ау баса көктеп атойлап,
Жай оғындай айналатын айбарға!
Қай жолдарда адастыңдар шашырап,
Бірлік кетіп, ерте түсіп шашыңа ақ.
Қайда, қайда кие кілті бабамның,
Өздеріңе табыс еткен алтындап?
Қайдасыңдар Тәңірдің әз ұлдары,
Жүрсіздер ме алыс-алыс жолда әлі.
Әлде арбап алды ма екен жібермей,
Жүзі нұрлы арулардың қолдары.
Шығармаған ерлік туын уыстан,
Қайдасыңдар қаны бірге туысқан.
Күтіп отыр тойларына келер деп,
Қасиетті шаңырағаң ТҮРКІСТАН!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайдасыңдар, түріктерім? өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайдасыңдар, түріктерім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайдасыңдар, түріктерім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайдасыңдар, түріктерім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері