Ақмешіт – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Ақмешіт» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1549
Өшкені қайта жаңарып,
Үн тастап иман, асыл ән.
Ағылып жатыр сан халық,
Мешітке жаңа ашылған.
Табиғат-ана тойға осы,
Келдіме екен сыр бермей.
Күмбезін күннің сәулесі,
Иіліп өзі сүйгендей.
Жасаурап қарттар жанары,
Толқыған шексіз қуанып.
Айнала думан жан-жағы,
Тірегім – дінім оралып.
Бұлт болып, шуақ таңдарын,
Сан жылдар күткен армандай.
Шөліркеп кепкен жандарын,
Жібітіп қазір алғандай.
Қорған боп байтақ далама,
Тарихқа болған куәгер.
Сиындым Бекет бабама,
Халқымды өзің қолдай гөр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері