Пәтуа – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Пәтуа» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 584
(1815)

Хафиздің шайырлық тұлғасы —
Саф кемел шындықтың шың басы,
Дегенмен, бағзыда жарықтық
Кетеді-ау жоқ жерде ауытқып,
Дұрыс қой айыра алғаның
Жыланның уынан бал дәмін;
Кіршіксіз, күнәсіз ләззатты
Тайсалмай, құмарта татқаның,
Ал мәңгі азабы бар затты
Тәрк етіп, қолыңмен қаққаның;
Игілік жолы — осы, шүбәсіз,—
Деп сорлы Әбусуд жазыпты;
Ол бұған болса да жазықты.
Кеш, құдай, байғұстың күнасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері