Өлең, жыр, ақындар

Құс аулаушы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 684
Жүредi ол бар облыс, ауданда
арқаланып торлар менен ауларға.
Күн ұзаққа шаршап-талып, әлек боп
құс аулайды көл мен дала, таулардан.
Елеместен көктемгi жел, ызғарды
жолы болмай жүз өртенiп, жүз жанды.
Ақырында келе жатар құшақтап
торға түсiп тұтқын болған құстарды.
Дүрлiге ұшып ұзақ күнге тынбаған
көктем жырын,
көктем сазын жырлаған, –
ұстап алып сақина сап жүргенi –
аққуларға,
үйректерге,
тырнаға...
Қарамастан тұманға да,
жаңбырға,
көтерiлiп сан жотаға,
сан қырға,
Әйтеуiр ол жүрер дала, тау кезiп
сақина сап сұлулыққа,
ән-жырға!
Өткiзердей барлық құсты санақтан
туған жердiң құз-қиясын адақтар.
...Қолдағы құс босанам деп бұлқынса
жалын құсап лапылдайды қанаттар!
Айналсын деп керемет бiр дастанға
көктемге ол байғазы деп шашқандай –
құшақтағы сақиналы құстарды
сонан кейiн лақтырады аспанға.
Күймесiн деп қатыгездiк отына
ұшырады ол
орман көл мен шоқыдан... –
аяғына сенiмдiлiк сертiндей
сақина сап адамзаттың атынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктемгі сурет

  • 0
  • 0

Түнімен жауған жаңбырдан
Дүние салбырап,
Басылып қалыпты...
Жердегі шалшықтар —

Толық

Көктемгі сурет

  • 0
  • 0

Аспанымды –
Жүндей қопсыған –
Қара бұлттар
Қамап жатты.

Толық

Шөлдесем мен қарындас пен бауырға

  • 0
  • 0

Шөлдесем мен қарындас пен бауырға,
шөлдесем мен найзағайлы жауынға,
тартып кетем қара жолға түсiп ап
Табиғат деп аталатын ауылға.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер