Зылихаға – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Зылихаға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 596
(1815)

Төгемін деп толқын жұпар,
Алқына алған демдеріңе,
Азап шегіп, болып іңкәр,
Жүз гүл солды шөлмегінде.
Саусағындай бүгіп тұрған,
Құтыдағы әтір үшін,
Сансыз ғашық болып құрбан.
Сансыз боздақ тартты қысым.
Өмірлері тұрған гүлдеп,
Нелер сабаз толықсып бір,—
Бұлбұл үнін жұтамын деп,
Дәмеленді талықсып құр.
Жоқ, жылама, той жасармыз,
Біз солардың жан-зарынан.
Қырылды ғой жандар сансыз
Ақсақ Темір қанжарынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері