Неге ғана – Оразбай Байбақұлы

Бұл бетте «Неге ғана» атты Оразбай Байбақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сарбазың көп болғанмен сапта көрген,
Жайғасқан жерде жетім, тақта мерген.
Бәрібір абызыңа айналмайды,
Көпіртіп мәңгүртіңді мақтағанмен.

Кезім жоқ келер күннен мән күтпеген,
Қалың ой – қара орманым,
Қаңғып келем.
Өзегі ұшқындының...
Ешқашанда
Бағасы берілмеген дәлдікпенен.

Өрісін отырсақ та анық көріп,
Қажетін қалтасына салып беріп,
Далаға дарындыны қоя тұрып,
Дәніккен дарақыны дәріптедік.

Жанығып бауырынан жарағанда,
Құмарлық қу атаққа тараған ба,
Түсіндік түйсігінің түбін көріп,
Осқырып өзімізге қарағанда.

Жаратқан ақылдыны аласа ғып,
Келеді кернеулісі таса қалып.
...Тартамыз теперішін неге ғана,
Қодарды қолымызбен жасап алып?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері