Пенделіктің пейілі – Оразбай Байбақұлы

Бұл бетте «Пенделіктің пейілі» атты Оразбай Байбақұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көкелердің қылжағы күйдірген соң ішімді,
Бағы жанған өтірік басатындай мысымды.
Аңғарылмас ағаттық адамдарда баршылық...
Мінезімді мінеп ап, саралаймын ісімді.

Әлеміңде аз ба еді шермен кеткен шермен кеп,
Адалыңды әманда алады екен тер, меңдеп.
Самайына ақ кірген сарапшының өзі де,
Салымсыздау пендемен санасқанын
көргем жоқ.

Ардың барын арманда селт етпейді сезбеген,
Мезі қылған қылықтан мекерлікпен безбегем.
Тәңірім-ау, неліктен кеткен сонша көбейіп,
Алдындағы тұрғанды аңғармайтын көз деген.

Жымқырылып жыл кетті...
Өткізесің айды ауыр,
Тағдыр деген кәдімгі талшық емес майда бір,
Көсілгендер күпініп сөз бермейді басқаға,
Жарылқайтын мықтының жақсылығы
қайда жүр?!

Қысатындар көбейді қимасындай құшақтап,
Адалдығың алдымнан шығар ма екен түсі
аппақ.
Шыныменен ақшаның сиқырына арбалып,
Пенделіктің пейілі кеткені ме ұсақтап?!

Салқын тартқан санамен өз ортаңа қарап өт,
Түйсіктері түтеген дарақы мен дана көп.
Жұмағыңды жоғалтсаң тамұғыңды табасың,
Өмір деген өтпелі...
Одан басқа пана жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пенделіктің пейілі өлеңінің авторы кім?

Оразбай Байбақұлы — осы өлеңнің авторы.

Пенделіктің пейілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пенделіктің пейілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразбай Байбақұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пенделіктің пейілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері