Туған күн – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Туған күн» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Туған күндер мынадай
Көктемде көп неткен де.
Бестi,
Дөнен,
Құнан,
Тай...
Туған бəрi көктемде.
Тоқты,
Тана,
Тайлақ жүр...
Шыбын, балық, құс та, аң...
Туған күнiн тойлап жүр,
Құшақтап гүл ұстаған...
Қандай жақсы бұлар кiл
Туғандары көктемде.
Əйтпесе ғой, сыйлар гүл
Бас-басына жеткен бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері