Тұғыры биік қазақ тілі – Мелдебек Амина Мейірханқызы

Бұл бетте «Тұғыры биік қазақ тілі» атты Мелдебек Амина Мейірханқызы жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тұғыры биік қазақ тілі
Қасиетті қазақ тілі,құдыретіңнен айналдым,
Өз тілімде сөйлесем,қыр гүліндей жайнадым.
Кеудемдегі жүректей болып кеткен дапа тіл,
Өзіңнен шыққан әр сөздің қазанында қайнадым.

Тұғыры биік қазақ тілі,мәңгі сенімен бірге мен,
Алшақтата алмаспын,бірге жаным,бір екен.
Мәңгүрттенген адамдар қайтып сезер өзгені,
Өзге түгілі бойға сіңген ана тілін білмеген.

Қасиетті қазақ тілі,өткір әрі кең тілім,
Басты қазақ құндылығы-дәл өзіңсің,сен тілім.
Барша қазақ баласына секілдісің төлқұжат,
Абыройым,асқарымсың жауһарменен тең тілім.

Сен тұрғанда өзге тілде бір ауыз сөз айта алман,
Тіпті ит те өз тілінде үріп жауап қайтарған.
“Тіл жоқ жерде ұлт жоқ” деп кесіп айтқан қазағым,
Не жетеді әрбір сөзге өз тіліңде айта алған.

Сенің сөздік қорыңды қазақша сөз құрасын,
Ақ сүтпенен сіңген тілді қалай жерге ұрасың?!
Қасиетті қазақ тілім тастап кетпе сен бізді,
Бар кезінде бағалайық ата-баба мұрасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұғыры биік қазақ тілі өлеңінің авторы кім?

Мелдебек Амина Мейірханқызы — осы өлеңнің авторы.

Тұғыры биік қазақ тілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұғыры биік қазақ тілі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тұғыры биік қазақ тілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері