Тәуелсіздік-қазақтың төлқұжаты

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Тәуелсіздік-қазақтың төлқұжаты
Тәуелсіздік жолында қаншама жан мерт болды,
Исатай мен Махамбет,оларда үлкен кек болды.
Азаттық үшін аянбай,оққа тосты кеудесін,
Егемендік алу үшін ел алдында серт болды.

Кенесары хан он жыл бойы арпалысты отпенен,
Әділетсіздікке болмады ол заманда сот деген.
Жан алысты,жан берісті елі үшін,жер үшін,
Ең соңында өлім кірді кеудесіне оқпенен.

Жанмұхаммед,Жоламандар ұлылардың жалғасы,
Болмайынша әділдік белгілі сөзден танбасы.
Сырым менен Есет те бостандық үшін күресті,
Белгісіз қанша адамның кетті екен сан басы?!

“Еркек тоқты құрбандық” айтпасқа болмас Қайратты,
Соңғы демін аларда қызыл тілін сайратты,
Қылшылдаған жас жігіттің сөздерінен сұқтанып,
Тірі қалса,оңбаймыз деп оны да атты,жайратты.

Сәбира мен Ләззаттар кебінін киді Қайраттың,
Көрмей кетті сол күйі көк түсін асқақ байрақтың.
Азаттық көрген ұрпақтың арманы жоқ расында,
Келді бізге егемендік ғасырлар бойы жайрақ тым.

Төгілген қанның,өлмеген жанның отымен келген ұлы күн,
Сол бір күні тым ұзаққа созылды ауыр,долы түн.
Тәуелсіздік-ащы термен келген тәтті жеңісім,
91-де жаңғырды “Тәуелсіздік” деген қоңыр үн.

Сан ғасырлар армандаған тәуелсіздік таңы атты,
Қазақстан енді иемденді көрінбейтін қанатты.
Сол қанатпен көкке өрледі,құлаштады биікке,
Қабылдады Ата-Заңды,”Қазақстан” деген жаңа атты

Тәуелсіздік төлқұжаты рухы биік қазақтың,
Егемен болған керемет қандай,зор мәртебе,ғажап тым.
30 жылымыз 30 ғасырға ұласса екен мәңгілік,
О,Тәңірім,бұл бақытын көп көрмеші қазақтың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіздік-қазақтың төлқұжаты өлеңінің авторы кім?

Мелдебек Амина Мейірханқызы — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіздік-қазақтың төлқұжаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тәуелсіздік-қазақтың төлқұжаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мелдебек Амина Мейірханқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіздік-қазақтың төлқұжаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар