Күзден қашу – Ұларбек Дәлейұлы

Бұл бетте «Күзден қашу» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 789
Жалқы сәтке байлап барлық мұратын
Тастап жалғыз кеткенімен мың ақын,
Өмірден де тартымды екен мына түн.
Өлімнен де үрейлі екен мына түн...
Аттап өтіп кеткен ұзақ болмыстан,
Мендік тілек – ауыр емес қарғыстан.
Кетті әдіра, көктемдерден жеткен құс,
Жел құшады сол теректі сен құшқан.
Жапырақпен жауып ескі моласын,
Қарашада құстай жаны тоңатын.
Қамырығын басып улы шараппен,
Күзден қашып күрсінеді көп ақын.
Ардағым-ау,
Азап болдың сен неге.
(Күткеніммен келмес бірақ, ол кеме...)
Қарашаға сіңген дауысым былтырғы,
Қара түн боп соғылады кеудеме...
Жүрегімнің қанын беріп көп түнге,
Мен жаралғам қасіретіңді естуге.
Көктем жүзін жасырғанмен гүл сеуіп,
Күзден қашып құтылмайды ешкім де...
Тек сағыныш әкелуші ең, түн бізге,
Есігіңді іл,
Қара желді кіргізбе!
Ай астында жанған әлсіз шырақтай,
Бізден қашып құтылмайды бұл күз де...

28.08.2013ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзден қашу өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Күзден қашу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзден қашу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзден қашу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері