Ақша бұлттар ариясы – Ұларбек Дәлейұлы

Бұл бетте «Ақша бұлттар ариясы» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 923
Ақша бұлттар!
Ақ шабыттар арда емген,
Мекен іздеп жиналысқан һәр жерден.
Көктеректен кетпейсіңдер айналып,
Сендердің де жақындарың бар ма өлген?
Ақ жусандар күтеді аңсап нөсерді,
Қайда нөсер?
Қаһарлы һәм кеселді.
Жаназалар шақырады сабырға,
Қағидаға бағынбайтын осы елді.
Нәзилла қыз!
Нәркес өмір – нәрестем,
Өшкен де жоқ,
Өшпек емес ол естен.
Аяқтауға үлгіргем жоқ мен әлі,
Аяғымды жатыр құшып жол – эссем.
Мендік өмір таппады әлі мәртебе,
(Менсінбеді мәртебелі қарт өлең...)
Мен боп жырлап ағады үнсіз бұлақтар,
Мен боп жалғыз күрсінеді әр төбе.
...Кетем ертең,
Мені қуып жол қалар,
Бізден қалған жалғыз белгі сол болар...
Бір қарауға жетпеді әттең, дәрменім,
Қатыгез деп сөкпес мені енді олар?
Ебелектеп ертегі отқа түстім де,
Кеше бүгін кешкен ғұмыр түс мүлде,
Мұңлы ғазал жатар желмен шашылып,
Ермен басқан мазарымның үстінде.
...Ау, адамдар,
Ақиқатшыл арландар!
Үнсіздікке жұтылыпты қарлы аңғар.
Күн тұтылып жатқан шығар тағы да,
Ол жаққа енді бармаңдар...

07. 01. 2010 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша бұлттар ариясы өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақша бұлттар ариясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша бұлттар ариясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақша бұлттар ариясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері