Наурыз тойында – Құмарбек Қалиев

Бұл бетте «Наурыз тойында» атты Құмарбек Қалиев жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Таудан құлап төгіліп, саулап қырдан
Жып-жылы леп жаңартып таңды аттырған
Алты ай қыс арқасына батқан ерден
Тіршілік босанып, бір аунап тұрған

Ағаш діңі былқылдап дертіп тұрған
Әппақ дәнге мұрт шығып бөртіп тұрған
Шырын керіп,нәр толып, сыздай түсіп,
Жер-ана омырауы шертіп тұрған

Тазарды ауа дымданып, зар күйге еніп
Бұлақ шауып, сүңгі еріп, қар иленіп
Жұла тастап есікті, терезені
Көктем еркін кіреді әр үйге нық

Түнменен теңестіріп Күн иықты
-Қалай екен-деп ұяң жымиыпты
Жыл басының тойына тартуым-деп
Жерге нұр қып шашып тұр жылылықты

Жаңа Күнге (Наурызға) жас-кәрі-мәз
Тайқазан Наурыздама асқаны-мәз
Тай жарысқа жабағы қосқаны-мәз
Бәрі де мәз, ай, жұлдыз аспаны-мәз

Сол мәз көптің біз дағы біреуіміз
Қан таси ма, дүрсілдеп жүрегіміз
Адамзаттың аты бар бір еліміз
Үміт-ортақ және ортақ тілегіміз:

Қамбаң дәнді, қазаның сүтті болсын!
Қыздар сұлу, ұлдарың мықты болсын!
Көш,Қайрахан*! Жақсылық басы болар
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Аты озсын маңдай терін төккендердің
Береке алып, құт алып көктем келгін!
Пендеңнің ақ тілегін, ақ тілеуін
Жерден бергін,тәңірім, көктен бергін!

Қайрахан*-жамандық пірі


Пікірлер (2)

Арука

Керемет

Алма

Өте әсерлі әрі мағыналы өлең екен. Өлең жолдарынан адамның ішкі сезімі, өмірге деген көзқарасы және терең ойлары байқалады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Наурыз тойында өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Наурыз тойында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Наурыз тойында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Наурыз тойында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері