Барлаушы – мен

Бұл бетте «Барлаушы – мен» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 822
Майын алмай,
сықпа қып
Жасаған, еһ,
құрт қандай?
Аузымыздан су ағып,
Жүйкелетiп құртқандай.
Ши сөренiң үстiне
Оны жайып қоятын.
Сездiрместен ешкiмге
Күн туар ма тоятын?!
Үш-төрт бала келiсiп,
Сол құрттарды аңдыр ек.
Сəтi түссе бөлiсiп,
Тамсанар ек «дəмдi», – деп.
Құртты қашан жаярын,
Барлаушымын, бiлемiн,
Қай мезгiлде қоярын –
Бақылап та жүремiн.
«Əкел деймiз
көп алып,
Нар тəуекел еткесiн».
«Ал мен кеттiм», –
деп алып,
Терiс киiп кепкесiн,
Тамға Айдар шығады,
Қарауылға мен тұрып.
Дəл мысықша бұғады,
Етпеттеп ол ентiгiп.
Қалған бала бұқпалап,
Тосып тұрар бұрышта.
Құртты алған соң тықпалап,
Бөлiсемiз туыстай.
Қалтамызға толтырар,
Сары құрттың дəмi бал.
Қарауылға мен тұрар,
Өзiнше оның гəбi бар.
Амал,
Айла
Көп ебi,
«Барлаушының» – бiрiмiз.
Бiздiң үй ғой, себебi,
Құрт ұрлайтын үйiмiз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлаушы – мен өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Барлаушы – мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барлаушы – мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барлаушы – мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері