«Қойма» – Ескен Елубаев

Бұл бетте ««Қойма»» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Үстел үстi толып тұр,
Не бiр затқа кенелiп.
Класс түгел көрiп тұр.
Оған бiздер не делiк.
Рогатка,
Гайка,
Құрт,
Бəкi,
Тарақ,
Айна,
Кiлт,
Мейiз,
Нанның қиқымы,
Темекiнiң тұқылы,
Гильза,
Лəңгi,
Сақа,
Тор.
Қалам,
Түйме,
Карта,
Бор...
Ие дешi бұған кiм?
Ол – Омардың Балташы.
Заттар шықты, мұғалiм
Ақтартқанда қалтасын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Қойма» өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

«Қойма» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Қойма» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Қойма» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері