Бұл бетте «Күннен күдер үзбедім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
22.07.2021
0
0
1030
Күннен күдер үзбедім,
Үмітімді үйірлеп.
Түннен қайыр іздедім,
Омырауы иір деп.
Таң бозынан оянған,
Бозторғайдың шырылы-ай.
Сары түске боялған
Сарғалдақтың түрін-ай…
Үр жамалы Үркердей
Аққу жəйі көлге аян.
Жабығыңды бүркенбей,
Жазған жүрек сен де оян!..
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі