Сұрақ-жауап – Құмарбек Қалиев

Бұл бетте «Сұрақ-жауап» атты Құмарбек Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

- Ерке Күршім, сылқылдап назданып неге ағасың?
- Сұлулықты жұрт былғап кемітпесін бағасын

- Жас көктем іреп жатқанда кәрі қысты қолға алып
Дүлей Күршім,сен неге арнаңды бұздың долданып?
-Тыныштықтың көрпесін тарс бүркенген жандардың,
Қысты ұйықтаған аңдардың
Қылығына шамдандым

-Беймаза жаңбыр сіркіреп жылауық күз де жетеді
Қап-қара лай боп дүркіреп толқының алдан өтеді?
-Аз ба қоқыс арнамда тыншысам, түпке жиылар
Тулап бір сәтке алғанда тиылмаса да сұйылар

-Кіреуке тартып көк мұздан,ақ қардан көрпе жамылып
Бұйыға қалдың қыста сен өр күйіңнен жаңылып?
-Өрісті оймен жарысып озып кетсе тағылық
Қор болғанда кең ақыл дүлей күшке бағынып
Жүдеп кетем бір сәтке, қалады тауым шағылып

-Салмақты да сабырлы кең тыныстап дем алып
Ағасың жазда бойыңнан шымырлап бір даналық?
-Бұлақтан алып бастауды дарияға жеткізіп
Мұхитты тұщы қылсам деп теңізден әрі өткізіп
Күндіз де ақтым, түн де ақтым, бір тілек кернеп арнамды
Қуандым көріп жағамнан бақыттан мас жандарды
Құттықтадым ақ таңмен орман,дала,тауларды
Бәріне мені сүйреген мынау жарық дүниеге
Іңкәрлік атты арман-ды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ-жауап өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Сұрақ-жауап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрақ-жауап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құмарбек Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрақ-жауап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері