Айтылатын сөз еді – Құмарбек Қалиев

Бұл бетте «Айтылатын сөз еді» атты Құмарбек Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біздің жақта қыс ұзақ
Сол қыста небір ғажап бар
Соғым-шүйгін, үй-жылы,
Веселятся қазақтар

Шен тартылған шанасы
Табандаулы пимасы
Гуляй, біздің мекенде,
Орыстың лютая зимасы!

Новый Год болсын сөзбасы-
Нұр құятын жүздерге
Дед Мороз Снегурочкамен
Туыс боп кеткен біздерге

Қазақты қазақ құттықтап
Рождествомен қуанып,
Крещениеде, «бісміллә!»,
Күршімге сүңгіп шығалық,
Одан кейін бөшкелеп,
Түн ауғанда су алып
Өзіміз ішіп, малды да,
Әгүрөтті де суарып
Шипа тауып ем-домнан
Жел-құзды бойдан шығарып
Святая водамен
Грехтың бәрін жуалық

Осылай праздниктерді
Қапысыз тойлап алайық,
Содан кейін жұмылып
Шығарып қысты салайық:

Сар самаурын қайнатып,
Ақ шәйнекке шәй демдеп
Қыз-келіншек жүйткіп жүр
Сый кісіге шәй бермек

Қарала шәлі жамылып,
Жерді теуіп шыңғырып
Частушка айтқыш әйелге
Кетті ме, дерсің, жын кіріп

Нәскишең жігіт жүлде алмақ
Столбыға өрмелеп
«Дабай,братан, дабай!»-деп
Көпшілік шулап дем беред

Топ-топ арқан тартысқан
Счет пока: 5 те 2
Айнала гу-гу әңгіме-
Құйтырқы да бөстекі

Чучело жасап, оны өртеп
Мәрт қазақ ақ тер, көк тер боп
Проводы зимыға
Еңбегі сіңген бектер көп

Мына бір топ- жюри ме..,
Қолында қағаз-қаламы,
Аралап өтіп барады,
Бағалап кетіп барады
Қатаң-дейді-талабы:
Наивысшем уровне
Провести ...мына шараны!!!

Жаз қалай болар, қыс қалай
Болжам жасап отыр-ау-
(Қазақы амал ұмыт боп)
Әбдікей мен Боқырау

...Төл мейрам бізде аз,білем ,-
Екі айт пен Наурыз-Жыл басы
Оның да тегін түптесек,
Араб пен парсы-сұлбасы

Қазаққа содан жат емес
Қызығы кім-кімнің де,
Яғни, тойлай береміз
Талғамастан бұл күнде,
По-любому кетіріп
Қадірін тілдің, діннің де...

Қажысаңыз нақылдан
Мына ақылға көніңіз:
Жолортада тоқтай қап
...Сникерстеніңіз!

Жөн бе осы қылығым,
Корявыйлау сөзім ше?!.
Жаздым,міне, стишок-
Прикол ұстап өзімше...

Ұқсамақ болған бәріне
Мынау түрім-қай түрім?!.
Ала шұбар бәрі де
Мынау тілім-қай тілім?!.

Құмарбек ҚАЛИЕВ

Өлеңдегі орыс тілінен ауған сөздер мен атаулар: пима-пимы, валенки; Рождество,Крещение-православиелық христиан мейрамдары; бөшке-бочка; әгүрөт-огород; самаурын-самовар; -шәйнек-чайник; шәлі-шаль; нәски-носки;столбы-столб; арқан-аркан,веревка; құйтырқы-хиторка; бөстекі-пустяки,пустяковый; Проводы зимы-орыс халқының мейрамы; Әбдікей-День Святой Евдокии,14-марта; Боқырау-Покров,14-октября;


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтылатын сөз еді өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Айтылатын сөз еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтылатын сөз еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құмарбек Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтылатын сөз еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері