Менің мінім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Менің мінім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Жететін құлағыңа күндік жерден,
Менсінбей ән төресін Алла берген.
Өнердің алды қызыл тіл деп ұғып,
Сыйқырлы сұлу сөздің соңына ергем.
Болғам жоқ ел қарасы көптің бірі,
Бағынды ән тәңірі, сөздің пірі.
Поэма, түрлі толғау өлеңдерде
Айтулы ақтарылды өмір сыры.
«Бір қанаты ақындықтың білімділік»3
Бой ұрдым негізі деп ғылымды ұғып.
Ноқталап асауынан айықтырып,
Игеріп иығына алдым шығып.
Кіші іні, назар бөлген үлкен аға,
Құптады еңбегіме беріп баға.
Тынымсыз талпынудың арқасында
Жақындай берді талай алыс жаға.
Осылай шығармашылық қалыптасқан,
Ұмтылғам тек ілгері жалықпастан.
Көргенім, түйгенімді өмірдегі
Жасырмай жария етіп халыққа ашқам.
Ауырам тек қазақ деп жасырмаймын,
Көлгірдің жалпақ апай қасыңдаймын.
Бұлықсып байлық қуып бермеймін жоқ,
Болған жоқ әсте қара басым қайғым
Сүрлеумен халық өткен жүріп келем,
Жоқтарым көптің мұңы толғап терең.
Келеді үрлеп ашқым құлақтарды
Халықтың қасіретіне болған керең.
Бір үлкен, мінім де бар білем өзім,
Болмайды нәнсымақта құлақ-көзім.
Ащы да ашық келеді мәймөңкесіз
Алдында кімнің болсын айтар сөзім.
Әсіре жек көремін жағымпазды,
Кім болсын бетіне айтам өкпе-назды.
Табынар тәңірім деп сиқырланып,
Аққу ғып көтермеймін жердегі қазды.
Істерді ашық, айтам ұнамаған,
Сол үшін қағылсам да сыбағадан.
Көлденең еңбегімді қоям кейде,
Балаға бермейді емшек жыламаған.
Адалға ақ жарылам, ақтарылам,
Ондайды Алла жебеп, бак дарыған.
Бір рет Димекеңнің алдын көріп,
Еңбегім жанып, содан соң жарығам.
Кешірім кетіп жатса сөзім өктем,
Айта алман тағдырыма жоқ деп өкпем...
Ең бақытсыз дүниеде — мінсіз адам.
Деп бұрын зиялылар айтып кеткен.
Бақытсыз да емеспін, бақытты да,
Биледі көп жәйіңді уақыт мына.
Тарынбаймын сонда да тағдырыма,
Қорғайтыным қызғыштай арым ғана.

26.06.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің мінім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Менің мінім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің мінім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің мінім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері