Кіре алмай дулы ортаға – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Кіре алмай дулы ортаға» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 801
Кіре алмай дулы ортаға,
Жүрегім лүп-лүп... бөгелдім.
Сөзімді орап торқаға,
Тойына келдім өлеңнің.
Қалдырмай көңілін басқаның,
Өзімді отқа тастадым:
Мезетте сосын қас қағым
Лапылдап жана бастадым.

1969


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері