Қарғып бастан, барады өмір арғымақ – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қарғып бастан, барады өмір арғымақ» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 673
Қарғып бастан, барады өмір арғымақ,
Әр әуенге билеп ағар әр бұлақ.
Аққан судай көз жасыма үгіліп,
Ішімде бар жататындай жар құлап.
Өмірімнің орындалмай арманы,
Арманыма сала алмаппын арнаны.
Айдаһардың аузына ұқсап аққан су,
Жұтып жатқан шығар биік жарды әлі
Айналамнан айықпады ау мұнар, мұң,
Сағынышым сабырымды сынар, мың.
Өзектегі өрт өзеннің сол үстіне –
Жардай болып, мен де үгіліп, құлармын.
Ағыс жұтқан жұлдыздай боп жыларымн...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері