Ақылға дана кен еді
Қаржастың қара қазы қалам алып,
Қара өлеңге өз ізін салары анық.
Бабамның батыл ісін жырлар болсам
Қол емес,жүрек жырды жазар жанып.
Жол түсіп Баяныма бара қалсаң,
Халқына таңқаларсың дара,жайсаң.
Қара тасы қасиет таратады
Құшағын ел таңданба, дара жайса.
Баянымның төсінен орын алған,
Ұрпағына игі ісі,сөзі қалған.
Мұса мырза атымен аталатын
Мешіт бар, бар адамның көзі шалған.
Кім дерсің баба жолын танымасаң,
Бұл есімде тұнған ой қазына сай.
Ілесіп отыр тарих жолыменен
Сонда ерекше боларсың жазыңа таң.
Алғашқы оқу,ілім тамшылары,
Бұл жерге қиындықпен тамшылады.
Маңдай тер майталманнан шығары анық
Мұса еді Баян елдің тамшы бағы.
Жұртым деген жүректен жан шығады,
Қарекет қып намысты ол қамшылады.
Жарқылдап медреселер бой көтерсе
Кеудеден қараңғылық жаншылады
Мұса еді Орта жүздің шамшырағы.
Әрбір дерек қилы сыр шерте қойған,
Жинап жүрсек,жаримыз келсе қолдан.
Елім дейтін жүрегі болған дейді
Есті жігіт атына ерте қонған.
Елінің жинап,біліп дәстүр затын,
Көп қазаққа бір мектеп ашқызатын.
Ұлтыма ұлық болған ұлы ойшылы
Жүсіптің Мұса қойған Мәшһүр атын.
Осыдан біле берсек болады анық,
Жасынның жыр ғұмыры жобаланып.
Мұса мырза атаған қазақ оны
Бір қазаққа бұл дарын қонары анық.
Кісіге туыс жақын, бала тәтті,
Деп Мұса өз кезінде саралапты.
Байдалы қарттың халін сұрап барған
Мойындап би жіберген азаматты.
Бастағы киген бөрік бөстек заман,
Жігіттің сұлтандарын естек қылған.
Мұса жайлы шұбарлау,шайыр сөздер
Сол заманда өріліп,есте қалған.
Бір құтым бар делінген Қаржас рудан,
Ескі қор жалғасындай - Мұса Шорман.
Біржан-Сара айтысы тілге тиек
Бабаның биігін біл,ұста қолдан.
Тобықты мен Қаржас ел дауға түсіп,
Жиналғанда деседі үлкен-кіші.
Елім,жерім,көлім бар деген Мұса
Құнанбай толғауына болған мысал.
Тарихтан болып жүрем сырға құса,
Жазуым шашырамай жырға ұқса.
Елім деп еміренген ер еді ол
Қаржастың қайраткері мырза Мұса,
Қазақтың қайраткері мырза Мұса.
Ғажап ұлдың көңілі кеңдігі аспан,
Өз қатары бойынан теңдігі асқан.
Шетте оқып, өз жеріне қайрылып кеп
Мұса еді мешіт салып,медресе ашқан.
Ерік күш болар ерде,есіл ерік,
Тергеу жүріп жатқанда шешім көріп.
Құнанбай ісін көпке қалдыра алмай
Босатып алған Мұса кепіл беріп.
Орыстың көп ізденгіш көпестері,
Қазақтың жер-су атын кекештеді.
Мұса сонда қатаң бір тапсырған дейт
Қазақша атауларды көп ескеріп.
Баяным бағы қонған ғасыр далам,
Бөгдені балағынан асырмаған.
Мұса еді ол өз шындығын жасырмаған.
Баянаула бауырын бағып әлі
Ақ келін қонысында жатыр бабам.
Модератор
Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегін қосу керек. Қаламды басып өңдеуге болады.