Себеп
Бұл бетте «Себеп» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Туғандай мұрагер ғып әр үй жасын,
Соғыста өлген әке Фаризасын
Қалдырған… Ақын қызға дей алмассың
Біреуге не себепті наризасың…
Зұлымдық таусылмаған заманадан
Көзіне түссе болды жаман адам –
Өжет қыз жалын атып, жар шашады
Адал жан, көз жазба деп әман одан.
Күнәдан пак жүректі сонша кекті
Жан етпей, өрт атаулы сөнсе нетті?..
Сол сойқан сөнбей тұр-ау… Періште де
Өршиді өрттен бетер сол себепті.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі