Өлең, жыр, ақындар

Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 615
Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп,
Өтінішің болды бірақ өтірік.
Жан-жүрегім күйіп-жанып күл болды,
Күл үстінде көп жыладым өкініп.
Жұбатқан боп, күлме маған өтірік.
Қолыңдағы бос шыныдай бос үміт,
Енді екеуміз сырласпаймыз шешіліп.
Өз жолында өліп қалған өзімнің
Елесіммен кездесемін шошынып.
Неге маған қолың создың кешігіп?
Алданған соң, амал бар ма, төземін,
Өтінуге, келді менің кезегім.
Өзгелермен өмірімді өткізіп,
Өзің десе өртенеді өзегім.
Ашып бәрін айтпай ақ қой, сеземін.
Құстай болып, қонып, ұшты талай бақ,
Түсім ауып, түсті келіп самайға ақ.
Өзге жанмен бірге тірлік кешіп мен.
Оңашада өлең жазам сені ойлап.
Оңашада өмір сүрем сені ойлап.
Жанып, сөндім, жанарыңның оты ұрып,
Бақыт, сор ма, неге болсын бекініп.
Ғашық болып өмір сүрдім деуші едім,
Сол өмірдің болғаны ма өтірік,
Соны сенен сұрайыншы өтініп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ әлем...

  • 0
  • 0

Ақ әлем...
Асқар таулар түрегеп тұр,
Тауларға табынғандай, жүрелеп қыр.
Аспанға шығып алып Әлия әжем,

Толық

Көрген түстей неге бәрі тез өтті

  • 0
  • 0

Көрген түстей неге бәрі тез өтті,
Өкінішім өртейді енді өзекті.
Жолыққанда, жылтыр-жеңіл сөзге емес,
Көзімізге берейікші кезекті...

Толық

Қысым, қысым, қысымдар...

  • 0
  • 0

Ісім қанадай, білмеймін түсім қандай,
Кең дүниеде күй кешем қысылғандай.
Алқынамын, тұншығып дем ала алмай,
Буып тұрған ауаны қысым бардай.

Толық