Дәметемін, махаббат – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Дәметемін, махаббат» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1318
Шын ләззат күтемін тағы сенен,
Шын рақат күтемін тағы сенен.
Дүр сілкініп жүрегім дір етті ғой,
Дәметемін, махаббат, әлі сенен.
Лебің самал желпитін жел боп жетсең,
Көңілім қалар тағы да келмей кетсең.
Қайтейін мен дәметпей, бұрында бір
Дәметкізіп, дәнеңе бермей кетсең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері