Жарқыным-ау, махаббат өрт екен ғой – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жарқыным-ау, махаббат өрт екен ғой» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1965
Жарқыным-ау, махаббат өрт екен ғой,
Мерт етердей адамды дерт екен ғой.
Он жетіде үйлену ерте екен ғой,
Жарқыным-ау, махаббат жалқы екен ғой.
Жарқыным-ау, махаббат жалқы екен ғой,
Шын ғашықтар зар болу салты екен ғой.
Он жетіде қол жетпеу ойлағанға
Махаббаттың мәңгілік нарқы екен ғой.
Жарқыным-ау, махаббат мұң екен ғой,
У екен ғой не зәмзәм су екен ғой.
Он жеті жас өзі емес махаббаттың,
Маңайында естілген шуы екен ғой.
Шуылымен, шуымен алдамаған
Ақ махаббат бары рас, шын екен ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері