Нұрқанұлы мәлікзада – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Нұрқанұлы мәлікзада» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1914
Бұлдырады жыр әлемі,
Сарала тозаң сағымдай.
Әкеңнің салған әуені
Жөнелді ағып ағындай.
Елтіді ол асқақ әуенге,
Балқыды Нұрқан жырымен.
Әлдилеген әуелде,
Қаз тұрды ана тілімен.
Шырақтай түнде жанып тік,
Анаға жасап ізетті,
Дүниені бүкіл тәрік қып,
Әкенің жырын түзетті.
Жыршы боп шықты ақыры,
Ішінде өрті лаулаған,
Торғайдың болды ақыны,
Әкесінен аумаған.
Еікейіп бір күн құлады,
Әкенің құшып қабірін.
Торғайда дөңдер жылады,
Еңсесін басып ауыр мұң.
Көз жұмып кеште ол жатты
Әкесінің қасына
Бір күмбезді ел орнатты
Екеуінің басына.
Жанына таппай ем азық,
Жоқтауын айтты ел енді.
Бір күмбез тұр құлазып,
Құшақтап екі өлеңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері