Өлең, жыр, ақындар

А. И. Одоевскийге ескерткіш

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1055
Білем оны: шығыстың тауларында,
Екеуміз жапа шегіп бірге болдық.
Қуғынның қайғысы мен арманын да,
Екі дос еншіміздей бірге бөлдік.
Оралдым туған жерге жалғыз бір-ақ,
Қалпымен қатал жылдар жатты шұбап,
Минутты ол күте алмады тәтті шырын,
Астында күңгірт жорық шатырының.
Меңдетіп ауру ақыр тапты қыбын,
Қанатты ой, балаң шабыт жұмбақ сырын,
Алданған үміті мен ауыр мұңын,
Бірге алып түсті ішіне қабырының!

2
Дүниеге ол үміт үшін жаралған-ды,
Поэзия, бақытқа жаны арналды.
Киімін балалықтың ерте тастап,
Жасынан ересек жан бола қалды.
Жүрегін лақтырды өмір теңізіне,
Аспан, жер бірі пана бола алмады.
Жүргенде ауыр азап күндерінде,
Оңаша, достарымен яки бірге,
Көзінің көкшіл нұры сақталатын,
Жататын сөнбей жалын көкірегінде.
Сақталды жалында сөз, күлкісі де,
Сенімі басқа өмірге, жұрт күшіне.

3
Жанында достары жоқ тапты ажалын,
Жамылды жат даланың топырағын.
Жүрегің жатсын жайлы, Саша жаным!
Ойымның түкпірінде тыныш жатсын, -
Достықтай, шықпай естен ұяласын, -
Сен өлдің көп жандардай үн шығармай.
Бірақ та қайсарлықпен сыр алдырмай.
Мәңгілік жұмғанда көз ұйқы басып,
Жұмбақ ой маңдайында жүрді адасып,
Сөзіңді сен өлерде аузыңа алған,
Ешкім жоқ ұғынып бір ұстап қалған...

4
Әлде сол елге сәлем аманаты,
Әлде сол жақын оған адам аты.
Әлде сол өмірге мұң шаққаны ма,
Әлде сол ыңқыл дерттің батқаны ма,
Мағнасы әрі ауыр, әрі зілді,
Кім айтар ашып бізге соңғы сөзді!
Ғайып боп кетті... Сенің ой, еңбегің
Жоғалды қалдырмай-ақ бір дерегін,
Осылай кшкі бұлттың буалдырын
Жылт етсе жел айдап бір қуатұғын.
Қайда олар, не үшін кетті, келді қайдан?
Сұрайтын жөн-жобаны кім олардан...

5
Олардан қалды аспанда із білінбей,
Баланың риясыз сүюіндей,
Әлжуаз нәзік достық желеуіне,
Ойындай өткен сенің бір де иілмей!..
Не қажет!.. Мейлі дүние ескірмесін,
Өзі үшін соншалықты жат пендесін:
Сен үшін мадақтауы неге керек,
Не істейсің оның өсек-әңгімесін?
Сен оған болмадың құл бала шақтан,
Торлаған сұмдық торын еттің талқан:
Сүйдің сен жаныңменен теңіз шуын,
Даланы, көк орайды мүлгіп жатқан.

6
Сүйдің сен түнерген тау өркеш жонып...-
Белгісіз қабырының маңы толы,-
Тірлікте өзің аңсап сүйген затқа,
Бір жерге тағдыр қалай қосқан оны,
Көгерген үнсіз-тілсіз мылқау дала,
Кавказ тұр күміс тәжбен құшаққа ала,
Үстінен көк теңіздің асқақ қарап,
Сүйенген қалқанына бейне алып,
Жырына шулы толқын құлақ салып,
Жатады қара теңіз дабыл қағып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарталы

  • 0
  • 0

Солтүстікте бір жер бар
Аты оның Қарталы.
Қайда жүрсем Қарталы
Қиялымды тартады.

Толық

Еді онда күн боран...

  • 0
  • 0

Еді онда күн боран,
Вокзал басы бір дүлей.
Ажал жақын тұр ма оған...
Қалды әкем үндемей.

Толық

Адам өлмейді

  • 0
  • 0

Адам аледі —
От басында,
Кейде жолда:
Апатта,

Толық

Қарап көріңіз