Кешіккен көктем – Мерей Қартов

Бұл бетте «Кешіккен көктем» атты Мерей Қартов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Қардың әлі сөгілген жоқ көбесі,
Көрінбейді жыл құстары о,несі?!
Көңілді де, көшені де кезіп жүр,
Көк көйлекті Көктем-Қыздың елесі!

Тереземді аяз-демі қыраулап,
Қыр басына қырбақ қонды қылаулап.
Қара кеште, қара өлең жолдадым,
Қарындастың қабағынан мұң аулап.

Көктем жайлы ойлатпайды үскірік,
Қара суық қабырғадан ысқырып.
"Көктем келді, Көктем келді"-дегендей,
Үй гүлдері, қояды әлсін түшкіріп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешіккен көктем өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Кешіккен көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешіккен көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кешіккен көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері