Бейне бір аңызындай ертегінің

Бұл бетте «Бейне бір аңызындай ертегінің» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2275
Жазықсыз ебелекті жұлатұғын,
Қазықсыз көбелекті қуатұғын.
Балалық күндеріңді сағынасың,
Іздеген су маржанын, құм алтынын.
Кей кезде жатып үйдің төбесіне,
Өмірдің шыққандай боп белесіне.
Жұлдызбен бірге жүзіп кетуші едім,
Аспанның мініп алтын кемесіне.
Сарғайып жапырағы күз түскенде,
Құс қайтып жаздан күдер үзіскенде,
Қас қақпай қақпа алдында тұрушы едім
Аспанда бұйра бұлттар сүзіскенде.
Тұңғиық түбектерден борық тартып,
Су сорып, дірдек қағып
тоңып-қатып,
Іңірде құрбақаның құрылымен
Үйіме оралушы ем соңырқатып.
Ұстатпай секек қағып ыршып ұдай,
Жандарын қорғап менен бір шыбындай,
Көбелек от айнала ұшушы еді,
Айналған кәрі әжемнің ұршығындай.
Жарасқан не істесем де еркелігім,
Өмірдің атқан таңы — ерте күнім,
Өзіндей табиғаттың балалығым,
Қазір сен ізіндейсің ертегінің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейне бір аңызындай ертегінің өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бейне бір аңызындай ертегінің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейне бір аңызындай ертегінің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейне бір аңызындай ертегінің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері