Донкихот

Бұл бетте «Донкихот» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2467
Жатар мезгіл. Көз ілмейміз сонда да
Кітап оқу қызық түнде – жатарда.
Дон Кихотты тұңғыш ашып толғана
Оныменен бір шығамыз сапарға.
Испан шаңын жел көтеріп қағады,
Естиміз біз жел диірменнің өр үнін.
Зырылдайды шыр айналып қалағы
Төбесінде салт атты сол серінің.
Суреттен білеміз біз ар жағын,
Қанатымен диірмен ойран салғанын.
Көреміз біз көк сүңгілі Дон Кихот
Қатты айқаста аттан ауып қалғанын.
Міне қайта ол келе жатыр тез ағып,
Кім ұшырар? Кімге ұрынар ол барып.
Соңғы сері, ұзын сирақ, өзі арық
Бізді ертіп шығар тұңғыш жолға алып.
Әр жүректен орын алып құрметті
Тозған сол том етті талай жұртты алаң.
Жалғыз өзі алып жатыр бір бетті
Найза ұстаған салт атты сол мұртты адам.
Оның даңқы ықыласпен оқылып,
Кең дүниеге жаяды еркін қанатын.
Жазған оны тар қапаста отырып,
Шал Сервантес әрі батыр, әрі ақын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Донкихот өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Донкихот өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Донкихот өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Донкихот өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері