Адрессіз хат

Бұл бетте «Адрессіз хат» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2429
Жол жүруге жиналып,
Тұрды біздің факультет...
Көп ішінде ұялып,
Қоштаспадым, ғафу ет...
Кездік талай даланы,
Көрдік талай қаланы.
Талай рет тауда өтті
География сабағы.
Қолда глобус — жер шары,
Араладық жартасты.
Институт кең залы
Табиғатпен жалғасты.
Поезбен де жүрдік біз,
Жер танабын қуырып.
Кемемен де жүздік біз,
Толқындардан сыр ұғып.
Барлық жүрген ізімді
Баяндармын ай кейін.
Көрмеген соң көзіңді
Қызықтырып қайтейін...
Міне отырмыз сүйікті
Жағасында Волганың.
Тынық Дон кеп құйыпты,
Тұр алысып қолдарын.
Жұлдыз болып түскендей
Жағадағы тастарға.
Атылады күш керней
Толқындары аспанға.
Құшақ жая қуанып,
Екі өзенге көріскен.
Атын қатар суарып,
Тұр бір қазақ орыспен.
Адресім белгісіз,
Айта алмаймын деп хат жаз.
Аттанғалы біз тұрмыз
Алда Қырым, қарт Кавказ.
1952


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адрессіз хат өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Адрессіз хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адрессіз хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адрессіз хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері