Магнит кеші

Бұл бетте «Магнит кеші» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2687
Думан боп күнде жатады,
Магнит таудың кештері.
Жалынын жиі атады,
Жарқылдап мартен пештері.
Магнит таудан сарқырап,
От өзендер құлайды,
Ағады құрыш жарқырап,
Қалады қоқыс ылайлы.
Өмірдің отын маздатқан
Магнит таудың кештері.
Жалыннан жалын қоздатқан,
Мартеннің алып пештері.
Жаңартқан дала картасын,
Магнит таудың ерлері.
Магниттей тартасын,
Өз ортаңа сен мені.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Магнит кеші өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Магнит кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Магнит кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Магнит кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері