Бұғы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Бұғы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1693
Бұғы бар
Алтайда,
Алыста.
Аттан да
Озады ол
Жарысса.
Суыққа,
Аязға
Төзiмдi.
Кетедi
Көтерiп
Өзiңдi.
Мүйiзi –
Дəрi оның
Қымбатты,
Сұлу да
Денесi
Сымбатты.
Сұрайды
Ал iнiм
Əскербек:
«Ағаш па
Басына
Өскен?!» – деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері